Skip to content

🏫«№1 TALANT» жалпы білім беретін мектебінде профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

⚜️ 2026 жылғы 5 ақпанда мектебімізге №8 қалалық емханадан маман Айдана Байтілеуова және мектебіміздің аға медбикесі Дильдар Ишанова келіп, оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу барысында білім алушыларға темекі шегудің, нашақорлықтың зияны, сондай-ақ жеке бас тазалығын сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

🩺 Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтына көзқарасын қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және жеке гигиенаның маңыздылығын түсіндіру болды. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

📝 Аталған түсіндірме жұмыстары оқушылар үшін пайдалы және тәрбиелік мәні жоғары іс-шара ретінде өткізілді.

Leave a Reply