Осы жылы қасиетті Рамазан айы жайма-шуақ көктеммен бірге берекесін ала келмек.
Ораза наурыздың бірінен басталып, 29 күн болып бекітілді.
Оның ішінде мың айдан да қайырлы қадір түні 26-нан 27-не қараған түнге түсіп отыр.
Пітір садақа екі келі ұнның орташа бағасы мөлшерінде таңдалып, 655 теңге етіп белгіленді.
Киелі айдың қарсаңында ораза ұстаудың мән-мағынасы мен медицина тұрғысында берерін мамандардан сұрап білдік.
Кімдерге ауыз бекітпеуге болады?
Ораза тұтқанда ең маңыздысы не?