Skip to content

8 Наурыз

Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі аналар күнінде,ОҚМА-ның «Отбасылық медицина» кафедрасының профессор оқытушылық құрамы интерн дәрігерлерімен бірге Шымкент қалалық №8 емханасының дәрігерлерімен емханамызға тіркелген 5- Ұлы Отан соғысы ардагерлері,тыл еңбеккерлері әжелерімізді аралап,аналар күнімен құттықтап шықты.

Тыл ардагерлеріне диспансерлік қарауды «Отбасылық медицина» кафедрасының меңгерушісі Профессор Қауызбай Ж.Ә,профессор Самченко И. А терапевт Аташова К.К СӨСҚ дәрігері Мұсаханова Ж.Ш мейірбике Рахыш.Ж жасады.

Майдангер әжелерімізден сол жерде холестерин,қандағы глюкоза анализдері алынып,көз түбі қысымы өлшеніп ЭКГ түсірілді.
Әжелеріміз дәрігерлерге қажетті сұрақтарын қойды,экг талдамалары мен зерттеулер қорытындыларына сәйкес ішіп жатқан препараттардың дозаларына коррекция жасалынды,кейбіріне ем тағайындалып,үйге стационарлы ем ұсынылды.
Мереке қарсаңында ОҚМА-ның « Отбасылық медицина» кафедрасының профессор оқытушылық құрамы қалалық 8-емхана ұжымымен бірлесіп жасаған үлкен іс шарасы майдангер әжелеріміздің қуанышты риясыз күлкісімен, ыстық ықыластарымен,алғыстарымен аяқталды.

Ауыр күндерді бастан өткерген,қанды соғыста тылды игерген әжелеріміздің жүрегінде үлкен тарих жатыр.Кешегі батыр қыздар,бүгінгі ардагер аналарға деген құрмет,қолдау көрсету,жылулық пен қуаныш сыйлау біздің парызымыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *