Бүгін А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында «12 ай – 12 мамандық» жобасы аясында «Денсаулық – басты байлық» атты дәрігер мамандармен ашық кездесу өтті.
Медицина саласындағы мамандықтардың маңыздылығын көрсету, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің еңбегін дәріптеу, жастарға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын ұғындыру және болашақта осы салаға бет бұруға қызығушылықты арттырып, кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған шараға №8 Қалалық емхананың білікті дәрігерлері қатысып, халық денсаулығын сақтау, аурудың алдын алу, дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік жайлы маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, мамандар медицина саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
@pushkin_kitapkhanasy @pushkin_kitapkhanasy



