Skip to content

MedSafetyWeek

Қазақстан – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дәрі-дәрмектің жағымсыз әсерін бақылау бағдарламасының қатысушысы. Сондай-ақ, елде анықталған жағымсыз әсерлер туралы жедел деректер ДДСҰ-ның мониторинг орталығына жіберіледі.

Дәрі-дәрмекті (оның ішіне екпе де кіреді) қолданғаннан кейін пайда болған жағымсыз әсер туралы хабарлаудың бірнеше әдісі бар.

  1. ДЗСҰО сайтында жағымсыз әсер туралы хабарлама-картаны толтыру.
  2. Дәрі-дәрмек өндірушісіне хабарласу, оның байланыс нөмірлерін әдетте медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан табуға болады.
  3. DariKZ мобильді қосымшасының “сары карталар” қызметін пайдаланып хабарлама жіберу. Мобильді қосымша iOS және Android платформаларында қолжетімді. Бұл дәрігерлер мен фармацевтер үшін де, ем қабылдаушылар үшін де қолжетімді әрі ең жылдам әдіс болып саналады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *