Әлеуметтік топтарға(1-2ші топ мүгедектері) Қолдау шараларының бірі ретінде 5 МРП көлемінде төленетін әлеуметтік көмектер бар. Бұл төлемдер кейбір санаттағы азаматтарға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға немесе құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес арнайы белгіленген топтарға беріледі. 5 МРП мөлшері жыл сайын есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты жаңарып отырады, сондықтан бұл төлем әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, азаматтарға нақты қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған.
Инва-такси қызметі мен 5 МРП көлеміндегі әлеуметтік төлемдер – халықтың әлсіз топтарына қамқорлықты күшейтуге, олардың құқықтарын қорғауға және қоғамда тең мүмкіндік жасауға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды құралы. Әр адамның кедергісіз өмір сүруіне жағдай қалыптастыру – инклюзивті қоғам дамуының басты көрсеткіші. Осы санаттағы азамматтармен азаматшалар сұрақтарыңыз болса 87761688360 хабарласа аласыздар!