Шұғыл медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді. Ол үшін сақтандырылған мәртебеcі қажет емес.
Бұл қызметтерге жедел жәрдем шақыру, жарақаттар, соққылар, күйіктер, жедел жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету кіреді. Қажет болған жағдайда шұғыл операция да жасалуы мүмкін.
Ал МӘМС жүйесіне жоспарлы түрде көрсетілетін медициналық қызметтер кіреді. Олардың қатарында бейінді мамандардың қабылдауы, диагностикалық зерттеулер, жоспарлы операциялар және оңалту қызметтері бар.
#әмсқшымкент #мәмсшымкент
