Туберкулез –инфекциялық жұқпалы ауру. Егер туберкулездің бактерия бөлетін түрімен ауыратын науқас тез арада дәрігерге қаралып емделмесе, жақын байланыста болған, қорғаныс қабілеттері төмен адамдар туберкулезбен ауыруы мүмкін. Туберкулездің асқынған түрі емдеуге келмейді, немесе ұзақ емделеді, көбіне мүгедектікке, өлім жағдайына әкеледі. Дұрыс емделмеген жағдайда туберкулез таяқшасының дәріге төзімді түрі пайда болады және бұл түрін емдеу ұзаққа созылады. Сол себептен, аурудың алғашқы белгірі байқалған сәттен бастап медициналық көмекке жүгініп, дертті ерте анықтаған дұрыс. Бұл қадам, адам өзін және айналасындағы жақын адамдарының да аман-есен болуына көптеген септігін тигізеді. 🛑Туберкулез инфекциясы қалай жұғады❓ Ауру адамнан сау адамға жөтелгенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы жұғады. 🛑Туберкулез инфекциясына тән негізгі белгілер❓ Жөтелдің екі аптадан аса уақытқа созылуы, салмақ жоғалту, тершеңдік, кеуде қуысындағы ауырсыну, жалпы әлсіздік және тез шаршау, ұзақ уақыт дене қ
