25 қазан Республика күніне орай мерекелік іс шара өткізілді Республика күні – ұлтымыздың рухын асқақтатқан ең құнды мереке. Атаулы күнге орай емханамызда ән ұран шырқап, баяндама оқып, би билеп Денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосып, аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлердің еңбегі еленіп, бас дәрігер алғыс хатпен марапаттады. Емханамыздың бас дәрігері Альменов Серғазы Түймебайұлы барша қызметкерлерді ел тарихындағы маңызды мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын маңызды Мерекелеріңізбен, әріптестер!
