2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында Қазақстанда Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы өтеді. Ауқымды шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның бастамасымен, Денсаулық сақтау басқармасы 2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында Қазақстанда Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы өтеді. Ауқымды шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның бастамасымен, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат министрліктерімен, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылуда.
Апталықтың мақсаты – халық арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мен отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмысты күшейту. Бұл бастама — жастарға, ата-аналарға және репродуктивті жастағы азаматтарға денсаулығына саналы көзқараспен қарау мәдениетін қалыптастыру, аурулардың алдын алу және ғылыми негізделген ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға бағытталған.
Апталық аясында басты назар мына тақырыптарға аударылады: саналы ата-ана болу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, әйелдер мен ерлердің репродуктивті денсаулығы және адам папиллома вирусына қарсы күрес.
Апталық қазіргі таңда өзекті мәселелерге арналып отыр
ЮНФПА деректеріне сәйкес, Қазақстандағы 15–19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 60 пайыздан астамы жоспарланбаған жүктіліктің және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу әдістері туралы жеткілікті білмейді.
Мақсатты аудитория – жастар, репродуктивті жастағы азаматтар, ата-аналар мен педагогтер, мүмкіндігі шектеулі жандар.
Барлық жарияланымдар бірыңғай хэштегтермен белгіленеді: #СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025, #RepHealth2025, #SalauattiUrpaq2025






