МӘМС аударымдары мен жарналары түспейтін азаматтар тегін кепілдендірілген медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) аясында медициналық қызметтерді ала алады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес).
ТМККК ҚР азаматтары, қандастар, босқындар, ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін бюджет есебінен көрсетіледі. Оған профилактикалық, диагностикалық және емдік қызметтер, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кіреді.
Нақтырақ айтар болса, медициналық көмектің кепілді көлеміне келесі қызметтер кіреді:
- Жедел медициналық көмек;
- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
- Амбулаториялық деңгейдегі арнайы медициналық көмек:
АИТВ инфекциясы мен туберкулезді алдын алу және диагностикалау; жарақаттар, уланулар және шұғыл жағдайлар кезінде; әлеуметтік маңызы бар және кейбір созылмалы аурулар кезінде. - Стационарды алмастыратын деңгейдегі арнайы медициналық көмек:
әлеуметтік маңызы бар және динамикалық бақылауға жататын кейбір созылмалы аурулар бойынша. - Стационарлық деңгейдегі арнайы медициналық көмек:
инфекциялық, паразиттік және айналаға қауіп төндіретін ауруларды емдеу; бұл ауруларға күдік болған жағдайда адамдарды оқшаулау және т.б. - Медициналық оңалту;
- Аурулар тізімі бойынша палликативтік медициналық көмек;
- Қан және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;
- Дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар, арнайы емдік өнімдер мен иммунобиологиялық препараттармен қамтамасыз ету.
МӘМСТҮРКІСТАН #ОСМСТУРКЕСТАН #ФСМСТУРКЕСТАН #ТУРКЕСТАН
