Skip to content

Қазақстандағы ТМККК пакеті

Қазақстандағы ТМККК пакеті
медициналық көмектің кең спектрін қамтиды:

1.​Шұғыл және кезек күттірмейтін көмек
2.​Профилактикалық қарап-тексерулер және вакцинациялау
3.​Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
4.​Созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық бақылау (инсульт, стенокардия, артериялық гипертензия, демікпе, нефрит және тыныс алу және ас қорыту ағзаларының аурулары және т. б.)
5.​Әлеуметтік мәні бар ауруларымен ауыратын пациенттерді емдеу (онкология, туберкулез, қант диабеті, психикалық бұзылулар, АИТВ-ЖИТС, инфекциялар және т. б.)
6.​Қымбат жоғары технологиялық операциялар
7.​Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек
8.​Халықтың нысаналы топтарының скринингтері
9.​Қан препараттарымен қамтамасыз ету
10.​Паллиативтік көмек

Салыстыру үшін басқа елдердегі ТМККК пакеті:

Германия мен Нидерланды – тек ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім

Литва – шұғыл медициналық көмек

Эстония – 4 ауруға шалдыққан пациенттерге медициналық көмек (АИТВ\ЖИТС, туберкулез, психикалық аурулар, инфекциялар және шұғыл медициналық көмек)

Ресейде мемлекеттік медициналық көмек пакетіне мыналар кіреді: санитариялық авиация, АИТВ/ЖИТС, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, туберкулез және психикалық аурулар.

Қазақстанда ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседі

Қазақстандағы ТМККК пакеті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *