Көктемнің келген шуақты жылы ауа райынан кейін тұрғындар арасында табиғатқа, саяжайға демалу жағдайлары көбейеді. Дегенмен сақтық шаралары назарда болуы тиіс. Бұл кезеңде кенелер де оянып, Конго-Қырым қанды қызбасы ауруына шалдығу қауіптілігі бар.
Ауруының тасымалдаушысы – қарапайым кене. Кене шағу қауіптілігі кейбір кенелердің ағзасында осы ауруды тарататын вирустардың сақталуы. Сол себепті аурудың тіркелуі осы кенелердің көктем, жаз мезгілдерінде шығып, адамдар мен жан-жануарларды шағу белсенділігінің артатын кезеңімен байланысты. Кенелер адамға мал жайғау, малды сауу, сыртта бақша егу, отын-шөп дайындау, табиғатта дем алу, тағы сол сияқты жағдайларда жабысады.
Конго-Қырым қанды қызбасы ауруының негізгі белгілері:
Ауру кенеттен жедел түрде басталады. Науқастың басы қатты ауырып, дел-сал күйге түсіп, белі сырқырайды, тамаққа тәбеті болмайды. Дененің қызуы 39-41°С дейін көтеріледі. Адам ағзасының шырышты қабаттарынан, тістерінен, мұрнынан, әйелдердің жыныстық мүшелерінен (жатырдан) немесе ішкі ағзаларынан (асқазан, тік ішектен қан кетеді. Терісіне бөртпелер шығып, иньекция (ине) салған, шымшыған жерлерде терісі көгеріп, ауру белгілері пайда болады. Ағзаның қанды ұйыту қабілеті бірте-бірте жоғалып, адам қансырау салдарынан өлім құшуы мүмкін.
Сондықтан кене шағып алған болса, онда шұғыл түрде тұрғылықты жер бойынша міндетті түрде емдеу мекемесіне медициналық көмекке жүгініңіз.
