Skip to content

Көмірқышқыл газымен уланудан сақтанайық!

Көмірқышқыл газы (СО) – түссіз, иіссіз, дәмсіз, бірақ адам өміріне аса қауіпті газ. Жылу беру маусымында тұрғындары көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға түсіп жатады.Сондықтан медицина мамандары қауіпсіздік ережелерін сақтап, көмірқышқыл газынан сақтануға шақырады.
Жабық бөлмеде газдың жиналуы улануға әкеледі. Адам оның иісін сезбейді.
Улану белгілері:
• Бұлшық ет әлсіздігі;
• Бас айналу, құлақтағы шу;
• Тұншығу сезімі;
• Жүрек айну, құсу;
• Сандырақтау, галлюцинация;
• Естен тану.

Алғашқы көмек:
• «112», «103», «101», «104» қызметтеріне дереу хабарласыңыз;
• Алдымен өз қауіпсіздігіңізді сақтап, суланған орамал немесе матадан тыныс алыңыз;
• Бөлменің терезелерін ашыңыз;
• Зардап шегушіні таза ауаға шығарыңыз;
• Дәрігер келгенше тыныс алуын қадағалаңыз.

Алдын алу шаралары:
• Пеш пен құбырларды уақтылы тазалау;
• Түтін жолдарының бітелмеуін қадағалау;
• Бөлмені жиі желдету;
• Пешті түнде қараусыз қалдырмау;
• Жану процесін үнемі бақылау.

👉 Есте сақтаңыз: Көмірқышқыл газы – көзге көрінбейтін, бірақ өмірге қауіпті!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *