Skip to content

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – ауыр интоксикациямен, айқын геморрагиялық синдроммен сипатталатын және иксодты кенелердің шағуы арқылы берілетін табиғи-ошақты трансмиссивті ауру. Латын тілінен аударғанда «геморрагия» қансырау деген мағынаны білдіреді.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – ауыр интоксикациямен, айқын геморрагиялық синдроммен сипатталатын және иксодты кенелердің шағуы арқылы берілетін табиғи-ошақты трансмиссивті ауру. Латын тілінен аударғанда «геморрагия» қансырау деген мағынаны білдіреді.

Инфекцияның негізгі көзі – иксодты кенелер, олар вирусты трансмиссивті жолмен таратады және вирустың сақтаушылары мен аурудың тасымалдаушылары болып табылады.

📍Әрбір адам өзін кене шағудан қорғау үшін келесі ережелерді сақтауы, атап айтқанда:
✔️кенелердің киім ішіне, терінің ашық жерлеріне ену мүмкіндігін азайтатындай киіну;
✔️жабысқан кенелерді анықтау үшін өзіне және бір-біріне жиі (әрбір 10-15 минут сайын) бақылау жүргізу;
✔️тікелей шөпке отырмау және жатпау;
✔️табиғат аясынан оралғаннан кейін киімді және денені толықтай қарап шығу;
✔️кенелер болуы мүмкін екенін ескере отырып, тұрғын жай және өндірістік бөлмелерге жаңадан жұлынған гүлдерді және сырт киімдерді кіргізбеу;
✔️үй жануарларынан кенелерді жинаған кезде қолғап кию;
✔️кенелерді жасқандыратын арнайы дәрі-дәрмектерді пайдалану;
✔️денеден кенені байқаған кезде, дереу емдеу мекемесіне жүгіну;
✔️кенені алып тастағаннан кейін 14 күн ішінде өз денсаулығын жіті бақылып, нашар сезінген жағдайда дәрігерге қаралу қажет.

Осы қарапайым ережелерді орындай отырып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтыру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болатынын есіңізде ұстаңыз.

@gorzdravshymkent @gorzdravshymkent

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *