Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорндардың байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
1. Конкурс өткізу күні мен орны:
Күні: «14» тамыз 2025 жыл.
Өтетін орны: Шымкент қ., Тұран ауданы, Республика даңғылы №12а ғимарат.
2. Қажетті құжаттар тізбесі:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);
- Қазақ және орыс тілдерінде түйіндеме;
- Өмірбаян (еркін нысанда);
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Жоғары білім туралы диплом көшірмесі;
- Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмелері (еңбек кітапшасы, еңбек шарттары, т.б.);
- ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің бөлімшелері берген:
– соттылығының жоқтығы туралы анықтама,
– сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқтығы туралы анықтама.
Қатысушылар қосымша: кәсіби деңгейі мен біліктілігін растайтын құжаттарды, ғылыми дәреже, жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдарды ұсына алады.
3. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Үміткерлерге қойылатын талаптар «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларына» сәйкес айқындалады:
- Жоғары білім;
- Салалық жұмыс тәжірибесі (білім беру немесе денсаулық сақтау саласында – 5–10 жылға дейін немесе денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық лауазымда – 3–5 жыл); денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі
- Соттылығы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары болмауы тиіс.
4. Құжаттарды жолдау тәртібі:
Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың түпнұсқасы “Түпнұсқа” деп белгіленген ішкі конвертке салынып, мөрленеді.
Онда үміткердің ТАӘ және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Бұл ішкі конверт сыртқы конвертке салынады және мынадай жазулармен жолданады:
ШЖҚ «№8 қалалық емханасы» мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы
«__________ дейін ашуға болмайды» (ашу күні мен уақыты көрсетіледі)
Мекенжай: Шымкент қ., Тұран ауданы, Республика даңғылы №12а ғимарат.
(уәкілетті органның нақты мекенжайы көрсетіледі).
5. Өтініш беру мерзімі:
- Құжаттарды қабылдау мерзімі мерзімді баспасөз басылымында конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап есептеледі.
- Құжаттарды қабылдау уақыты: 2025 жылғы «14» шілде – 2025 жылғы «13» тамыз (қоса алғанда, 30 күн ішінде).
6. Құжаттарды қабылдау басталатын күн:
- Құжаттар осы хабарландыру мерзімді басылымда жарияланған күннен бастап қабылданады.
7. Конкурстың кезеңдері:
- Конверттерді ашу және кандидаттар тізімін жариялау (уәкілетті орган мен кәсіпорын сайтында);
- Үміткерлердің біліктілігін бағалау;
- Аудио-бейне жазбамен әңгімелесу;
- Конкурстың қорытындысын шығару.
📍 Қосымша ақпарат пен сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 (725) 256-23-11