Skip to content

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРЫ !

Су айдындарындағы сақтық шараларын сақтау өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін маңызды!
Ыстық ауа-райының басталуына байланысты, жазғы кезеңде су айдындарында балалардың қаза болуына жол бермеу мақсатында сіздерге: табиғи және жасанды су айдындарындағы мінез-құлық ережелері және оларды бұзудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұраймыз. Бұл сіздің балаларыңыздың судағы жазатайым оқиғаларын ЕСКЕРТЕДІ, балаларыңыздың бүгінгі және ертеңгі өмірі осыған байланысты.
Шомылуға қатаң тыйым салынады:

  • балалардың ересектердің қадағалауынсыз;
  • бейтаныс жерлерде;
  • үрлемелі матрацтарда, камераларда және басқа да жүзу құралдарында (ересектердің қадағалауынсыз);

Келесі ережелерді сақтау қажет:

Суға кірмес бұрын бірнеше жеңіл жаттығулар жасаңыз;
Судың температурасы денеге ыңғайлы екеніне көз жеткізіп, біртіндеп суға кіріңіз (белгіленген нормадан төмен емес).
Табиғи су айдынында шомылу кезінде белгіленген қоршау белгілерінен тыс жүзбеңіз, моторлы қайықтарға және басқа да жүзу құралдарына жақын жүзбеңіз.
Күн өтпес үшін жағажайда бас киімде демалыңыз.
Негізсіз қауіп-қатер, судағы тентектік жағдайларына жол бермеу.

Су айдындарындағы бірнеше тыйым салынатын қауіпсіздік ережелері:

ішімдік және есірткілік мас күйінде шомылуға ;
қайықтардан, катерлерден суға секіруге;
тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға түсуге, сүңгу;
жүзудің шекарасын белгілейтін межелерден асып жүзуге;
жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
балаларға ересектердің қарауынсыз суға түсуге;
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтар сақ болыңыздар және сақтық шараларын сақтаңыздар, мамандардың ұсыныстары туралы ұмытпаңыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *