Skip to content

📢 Құрметті тұрғындар!

Соңғы уақытта «шығыс медицинасы», «қытай медицинасы», «иглотерапия», «мануалды терапия» атауымен қызмет көрсететін орталықтарға қатысты шағымдар көбейіп отыр.

❗ Келіп түскен шағымдарда:
– лицензиясыз немесе тиісті біліктіліксіз қызмет көрсету;
– санитариялық талаптардың сақталмауы;
– стерильділік нормаларының бұзылуы;
– тіркелмеген препараттарды қолдану;
– ауыр диагноздарды «толық емдеп жазамыз» деген жалған уәделер беру фактілері көрсетілген.
Мұндай жағдайлар пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.
⚖️ Еске саламыз:
Қазақстанда аталған қызмет түрлері медициналық қызмет болып саналады және міндетті түрде лицензиялануы тиіс.
🔎 Ем қабылдар алдында міндетті түрде:
✔️ Медициналық лицензиясын
✔️ Мамандардың дипломы мен сертификаттарын
✔️ Қолданылатын дәрілік заттардың тіркелуін тексеріңіз
Денсаулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз!
Күмәнді немесе заңсыз қызмет көрсету деректері анықталған жағдайда тиісті органдарға хабарлаңыз.

Leave a Reply