Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткізілген салтанатты іс-шарада қалалық денсаулық сақтау басқармасы Н.Асылбеков атқарылған жұмыстарды баяндап, саладағы үздіктерді марапаттады. Оның ішінде №8 қалалық емхананың бас дәрігері С.Альменов қала әкімінің “Алғыс хатымен” марапатталды. ЛОР- дәрігер Л.Ерманова “Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін” төс белгісімен марапатталды. Әлеуметтік қызметкер Н.Бименова “Денсаулық сақтаудағы үздік әлеуметтік қызметкер” атанды. Марапат иелерін құттықтаймыз💐
