Емхананың 1 ЖТД бөлім меңгерушісі Айтуреева Гүлжан Қанайқызы.
Жалпы, созылмалы аурулары бар науқастарға Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының тек Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен арнайы тізімге енгізілген дәрілер ғана тегін беріледі.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ – 75 бұйрығына сәйкес 3 шенберде дәрі-дәрмекпен қамтамсыз етіледі. Онын ішінде:
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар;
- Ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар;
- 18 жасқа дейінгі балалар үшін амбулаториялық деңгейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және арнайы емдік өнімдер емханамызда босатылады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар 59 нозология бойынша динамикалык бакылаудағы санаттарға босатылады.
Тегін дәрі алу үшін:
- Алдымен өз учаскелік дәрігеріне жүгінеді.
- Дәрігер қажетті тексерулер мен талдауларды тағайындайды.
- Денсаулығына байланысты пациент диспансерлік есепке алынады.4. 2021 жылы 5 тамызда шыққан ҚР ДСМ №75 бұйрығының қосымшасына сәйкес, есепте тұрған науқасқа тегін амбулаториялық дәрі-дәрмек тағайындалады.
5.Учаскелік дәрігер денсаулық көрсеткіштеріне байланысты науқасқа рецепт жазып береді. - Науқас рецеппен емхананың ішіндегі орналасқандәріханадан егов қосымшасы арқылы дәрілік затын алып кете алады.