Skip to content

ТҰЛҒАҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ ӘРІ МІНДЕТ

ТҰЛҒАҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ ӘРІ МІНДЕТ
ұранымен №8 қалалық емхананың дәрігері және мейірбикесі сала мамандары құрметті тыл ардагерлерімізді шаңырағына арнайы барды.

Аяулы аналарымызды алда келе жатқан мерекемен құттықтаған сала мамандары ардагерлерге сыйлықтарын табыстап, денсаулығына байланысты тесеруден өткізіп, кеңестерін берді. Аталған ардагерлеріміз медицина саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен. Тыл ардагерінің бұл ерлігін бүгінгі ұрпақ ұмытпақ емес.

Айта кетейік, қаламыздағы №8 емхана мамандары ардагерлердің үйіне тұрақты түрде барып, олардың денсаулығынан хабар алып тұрады. Алдағы мерекеге орай арнайы құттықтап келген медицина саласының мамандарын ерекше қуанышпен қарсы алған олар, қонақтарға алғысын білдірді.

@gorzdravshymkent @gorzdravshymkent

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *