Бүгінде Qalqan жүйесіне еліміздегі барлық медициналық ұйымдар – 1700-ден астам клиника мен шамамен 5 000 бірлесіп орындаушы тартылған. Қазіргі уақытта оларды толық цифрландыру кезеңі жүріп жатыр: медициналық ұйымдар жүйеге лицензиялары, инфрақұрылымы (өндірістік базалары) және өзге де ресурстары туралы верификацияланған мәліметтерді енгізуде. Бұл еліміздегі медициналық қызмет көрсетушілердің алғашқы бірыңғай әрі сенімді базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Толығырақ сайттан оқыңыз: https://msqory.kz/kk/eshche/press-tsentr/novosti/tsifrovizatsiya-finansirovaniya-zdravookhraneniya-kak-qalqan-zadaet-novye-standarty-prozrachnosti/
