Маусымдық қызметкердің МӘМС-тегі мәртебесі оның еңбек жағдайына байланысты бірнеше жолмен қамтамасыз етіледі.
- 📌 Жұмыс істеп жүрген кезеңде – МӘМС төлемдерін жұмыс беруші төлейді, қызметкер автоматты түрде сақтандырылған болып есептеледі.
- 📌 Жұмыс аяқталып, табыс болмаған кезде – қызметкер МӘМС жарналарын дербес төлеуші ретінде өзі төлей алады.
- 📌 Ресми түрде басқа жұмысқа орналасса – жаңа жұмыс беруші МӘМС аударым және жарнаны төлейді.
- 📌 egov.kz порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелсе – сақтандыру жарналары жергілікті атқарушы орган есебінен төленіп, азамат сақтандырылған мәртебесін алады.
🔎 Осы тәсілдердің бірін таңдау арқылы маусымдық қызметкер МӘМС жүйесінде үздіксіз сақтандырылған мәртебеге ие бола алады.
әмсқшымкент # мәмсшымкент
