Skip to content

ОСМС жарналарын төлеуден кімдер босатылады?

Барлық азаматтар ОСМС жарналарын өз бетінше төлемейді. Халықтың жекелеген санаттары үшін жарналарды мемлекет төлейді.

Оларға:
✅ 18 жасқа дейінгі балалар;
✅ Зейнеткерлер;
✅ Мүгедектігі бар адамдар;
✅ Жүкті әйелдер;
✅ Жұмыс істемейтін көпбалалы аналар;
✅ Атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
✅ Ресми тіркелген жұмыссыздар;
✅ Күндізгі бөлімде білім алатын студенттер;
✅ 3 жасқа дейінгі балаға күтім жасайтын адамдар жатады.

Егер сіз осы жеңілдік санаттарының біріне жатсаңыз, ОСМС жүйесінде жарналарды өзіңіз төлемей-ақ медициналық көмекті пайдалана аласыз.

🏥 Өз мәртебеңізді бақылап, қажетті медициналық көмекті уақытылы алыңыз!

Leave a Reply